Біз туралы

Жалпы мәлімет

"Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" КММ 

Бүгінгі таңда мекемеде ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2017 жылдың 14 ақпанындағы #66 "Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Қарақия ауданы бойынша ПМПК қорытындысы негізінде туылғаннан он сегіз жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді 

Мекемеде жалпы педагогтар саны -23, соның ішінде қоса атқарушы-5, логопед, психолог, әлеуметтік педагог маманы. Негізгі мамандар: логопед-2, дефектолог-2, психолог-5, әлеуметтік педагог-1, тәрбиеші-4, ЕДШ-2, уқалаушы (массажист) -2, медбике-2, муз.ритмика-2 мамандары қызмет етеді. Жалпы мекемеде педагогтардың ішінде жоғары білімді - 9, арнайы орта білімді - 5. Жоғары санатты - 1, екінші санатты - 8, санаты жоқ - 5 педагог бар.

Түзеу кабинетінде 2019-2020 оқу жылының басында 86 баламен бастап, маусым айында 110 баламен (оның ішінде мектепке дейінгі бала саны - 48, мектеп жасындағы бала саны 51) аяқталды.

Сондай-ақ, "Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің" Жетібай ауылындағы филиалында логопед-2, дефектолог-1, психолог-3, әлеуметтік педагог-1, 1-ЕДШ маманы қызмет жасайды. Мекемеде қазіргі таңда 74 бала тәрбиеленуде.