"Мен бақытты баламын"
Елімізде қазан айының екінші жексенбісі "Ерекше балалар" күні ретінде аталып өтіледі. Айтулы күнге орай бүгін "Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде" халық қалаулылары қонақта болды.
"Қайырымдылық десе құр қарап өтпейтін" ел ағалары балалар арасында мейрам құрметіне ұйымдастырылған "Мен бақытты баламын" атты думанды кешке қатысып, жас ұландардың өнерлерін тамашалады.
Сондай-ақ "Демократия партиясы" МО филиал төрағасы Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы, "Ақ жол" партиясының МО филиал атынан ұсынылған ҚА мәслихат депутаты Юля Амангелдіқызы, МО мәслихат депутаты Гүлмайса Қонаққызы балаларға өз тілектестіктерін білдірді.
Талапты да талантты балалардың өнерлеріне тәнті болған азаматтар ризашылықтарын айтып, балаларды мерекелерімен құттықтап оларға ойыншықтар мен тәттілер үлестірді.
_____________________________________
Балаларды назарларынан тыс қалдырмай, оларға қамқорлық танытып "Мен бақытты баламын" атты іс-шарасының өтуіне демеушілік білдірген кәсіпкерлер @tort_janiko @kubenova.gulmira және кештің музыкалық сүйемелдеушісі, әншісі Аязбаев Бексланға алғыс білдіреміз.
балаларды отансүйгіштікке бағыттап, жақсы қасиеттерге баулу мақсатында... ...