ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ТАБИҒАТ» БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ
"Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің Жетібай филиалында ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған «Табиғат» бөлмесі ашылды. Жаңа бөлмеде табиғат бейнеленіп гүлдер, су бұрқағы, құстар бар, балалар бұл бөлмеде табиғат аясында жүргендей әсер алады. Балалардың дене моторикасы мен қол ұсақ моторикасын дамытуға арналған құм, әткеншек, ойын алаңы т.б құрал-жабдықтар бар.
Осындай сауапты іске демеушілік білдірген «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «ЖетібайМұнайГаз» өндірістік мекемесінің мұнайшылары.
Жаңа "Табиғат" бөлмесінің ашылу салтанатына Қарақия аудан әкімі Қыдырберді Беков мырза, білім бөлімінің басшысы Бекқалина Қалбибі ханым және мұнайшылар куә болды.
"Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің Жетібай филиалында ерекше білімді қажет ететін 70 бала бар. Балаларға психолог, сурдопедагог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру, музыка ритмика мамандары қарастырылған. Түзету жұмыстары екі ауысымда жүргізіледі.
"Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" КММ меңгерушісінің м.у.а Муратова К.К
балаларды отансүйгіштікке бағыттап, жақсы қасиеттерге баулу мақсатында... ...