Жаңалықтар

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  КӨМЕКТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қоғам үшін адамның өмірі, жеке басының пікірлері, ұстанымы қашан да құнды болмақ. Сол секілді әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың  дені сау, рухани тұрғыда жетіліп, еңбексүйгіш болуы – ең жоғарғы тілек, ең биік мақсаттар қатарына жатады. Оның нәр алып, бастапқы қайнар бұлағы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешқандай күште алмастыра алмайды.

Инклюзивті оқыту – бұл барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін білім беру бағыты. Аталған үрдіс бойынша білім алған ерекше бала, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Инклюзивті ортада тәрбиеленген бала таным деңгейінде білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені олар өзара қарым-қатынас жасауға, танып білуге, үйренеді. Арнайы түзету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі балалар қоршаған ортамен байланыс орнатуға, адамдармен араласуды, біртіндеп қалыпты деңгейге өтуге талпынады. Осы ретте оларға маман тарапынан дұрыс бағыттар беріліп, іс-әрекеттері зерделенеді. 

Дамуында ауытқуы бар балаларға ұстаздың көмегімен бірге, ата-ананың қолдауы ауадай қажет болады. Сондай-ақ, ерекше баланы тәрбиелеген отбасындағы ата-аналарға мамандар:


Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.

Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс – әрекетпен айналысып отырса.

Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.

Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.

Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.

Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.


Әлемдік тәжірибелерге сүйенсек, егер сөйлеу кемістікті уақытымен түзетіп игертпесе, бала өсе келе қиындыққа кездеседі. Бала үшін жанұя не істеуі керек?  Ең алдымен өз баласына тән қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтап, уақыт оздырмай емдеу шараларын жасау керек.


Дамуында ерекшеліктері бар балаға ең жақсы реабилитация –  бұл оларды күнделікті өмірге тарту екенін ата-анаға түсіндіретін де,  ұйым мен отбасының  бірлескен қарым-қатынасын жүзеге асыратын да педагог мамандар, яғни сіздер мен біздер екенін ұмытпайық.


Мухамеджанова Жания Багланқызы,

Педагог-психолог 

title=


... ...

"Қайырымдылық десе құр қарап өтпейтін" ел ағалары балалар арасында мейрам құрметіне ұйымдастырылған "Мен бақытты баламын" атты думанды кешке... ...

... ...

... ...

Елімізді төрткіл дүниеге таныта білген мемлекеттік нышандарымызды... ...

Балаларды қорғау күні әр баланың көңілді де бақытты балалық шағы болуы тиіс екеніне тағы бір мәрте назар аудартады. Аталған мейрам балаларға... ...

Екінші дүниежүзілік соғыстың өрт шарпымаған шаңырағы кем де кем болар. Бүгінде өсіп-өніп жатқан біздер... ...

Білім беру үрдісін саралап дамытып, елдің экономикалық әлеуетін арттырып жағдайын көтеру үшін... ...

Қоғам үшін адамның өмірі, жеке басының пікірлері, ұстанымы қашан да құнды болмақ. Сол секілді әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың  ...

Жас ұрпақтың жастайынан тәрбиеленудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғары білімсіз-ақ, тәрбиенің оңтайлы әдістерін баласының ...