Жаңалықтар

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ҮШТІК ОДАҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ҮШТІК ОДАҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Білім беру үрдісін саралап дамытып, елдің экономикалық әлеуетін арттырып жағдайын көтеру үшін, алдымен сол мемлекеттің білім беру саласын жетілдіру талап етіледі. Себебі, білім беру саласы дамудың даңғыл жолына алып баратын маңызды рөлдердің бірі болып табылады. Осыған сай бүгінде педагогикалық білім беру жүйесінде дамуында ауытқуы бар балаларды қалыпты ортаға бейімдеп, мәселесін шешумен инклюзивті білім беру жүйесі айналысып, бірқатар жетістіктерге жетіп келеді. Бірақ, нақты жетістіктерге қарамай мүмкіндігі шектеулі балалардың саны өсіп отырғаны жауапты мамандарды алаңдатып отырғаны жасырын емес. Ресми статистикаға зер салсақ, «2005 жылы мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 124 мыңды құраса, 2011 жылы 149 мыңнан асып жығылған, олардың ішінде 29,212-сі немесе 19,5%-ы мектеп жасына дейінгі балалар, олардың 41,4%-ы арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған. 


Педагогикалық-психологиялық кеңестердің қарқынды қызметінің нәтижесінде, 2012 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтау бойынша 151,216 бала белгілі болды», - деп дерек келтірген ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаменті.

Қазіргі кезде инклюзивті білім беру процесінде үштік одақтың маңызы ерекше. Дамуында ауытқуы бар балаларды тұлға ретінде қарастырып, олардың ата-аналарымен бірлесе жұмыс жасап, баланың ерекшелігіне сай жайлы орта қалыптастыруда мамандардың еңбегін айтпай кетуге болмайды. Ресми дерекке сай 2004 жылы зерттеу жүргізілгенде, орта мектеп мұғалімдерінің 80 пайызы аталған жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қарсылық білдірген. Ал, ата-аналардың 79 пайызы ерекше балаларды түсінбей, «неге біздің балалардың жанында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық танытқан. Қазір байыппен қарасақ идеяға қарсыласқаннан гөрі, қолдау білдірушілердің қарасы басым. Бұл инклюзивтік білім берудің бірлесе жұмыс жасағанда ғана нәтиже беретінінің айқын көрінісі десем қателеспеймін.


Ерекше балалар өздеріне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбесе, эмоционалдық регуляцияның жетімсіздігінен айналасына деген таным деңгейі төмендеп, қабылдау, есте сақтау, ойлау, қозғалысын жүйелей алмауы мүмкін. Аталған олқылықтардың алдын алу мақсатында мамандар олармен жиі сөйлесіп, таза ауада серуен құрып, интеллект деңгейін көтеру мақсатында диалог құруды ұсынады.

Бүгін әлем тәжірибесі оқу-танымдық әрекеттерін жүйелеп, инклюзивті білім беруді ұсынады. Қазақстан осы негізді құптайтындардың санатына жатады. Осы шақта еліміздегі дамуында мүмкіндігі шектелген балаларға сапалы білім беру жолға қойылуда. Ел аумағында ата-ана қамқорлығындағы мүгедек балаларға, денсаулығына байланысты тұрақты білім алуына құзырлы орындар тарапынан қажетті жағдай жасалып, іске асып келеді.


Қорыта келе айтарым, инклюзивті оқыту жалпы мектептің педагогынан ерекше дайындықты, жоғары дайындық пен тың шығармашылықты талап етеді. Өйткені, бала психикасының даму мәселесіне салғырт қарау жеке басына қосымша зиян болуы мүмкін. 


Сондықтан инклюзивті білім беру мұғалімдердің арнайы дайындықтары мен қайта даярлықтары бар болған жағдайда ғана нәтижелі болмақ. 


✅Муратова Кумисай Кедергиевна,


Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" КММ директорының міндетін атқарушы 

title=


... ...

"Қайырымдылық десе құр қарап өтпейтін" ел ағалары балалар арасында мейрам құрметіне ұйымдастырылған "Мен бақытты баламын" атты думанды кешке... ...

... ...

... ...

Елімізді төрткіл дүниеге таныта білген мемлекеттік нышандарымызды... ...

Балаларды қорғау күні әр баланың көңілді де бақытты балалық шағы болуы тиіс екеніне тағы бір мәрте назар аудартады. Аталған мейрам балаларға... ...

Екінші дүниежүзілік соғыстың өрт шарпымаған шаңырағы кем де кем болар. Бүгінде өсіп-өніп жатқан біздер... ...

Білім беру үрдісін саралап дамытып, елдің экономикалық әлеуетін арттырып жағдайын көтеру үшін... ...

Қоғам үшін адамның өмірі, жеке басының пікірлері, ұстанымы қашан да құнды болмақ. Сол секілді әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың  ...

Жас ұрпақтың жастайынан тәрбиеленудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғары білімсіз-ақ, тәрбиенің оңтайлы әдістерін баласының ...